Атырау, 18 сәуір 08:41
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Шекарашылар браконьерлерді ұстады: Мемлекетке келген шығын 20 млн теңгеден асады

4 448 просмотра


Маңғыстау облысында 2018 әскери бөлімінің Шекара қызметкерлері 28 наурыз күні түнгі сағат 22.00 шамасында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз алып келе жатқан екі Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, шекара қызметінің сарбаздары Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Кендірлі демалыс аймағында «Бұрғылау» демалыс орны маңында УАЗ маркалы автокөлігін тоқтатқан. 

Автөкөлікті тоқтату және тексеру барысында 2 адам белгісіз бағытқа қашып кеткен. Автокөлікті тексеру барысында салмағы 79 кг 20 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Мемлекетке келтірілген шығын 20 млн. 642 мың 900 теңгені құрайды. Заң бұзушыларды құрықтау мақсатында жүргізілген шаралар барысында көлікті тастап қашқан екі Қазақстан азаматы ұсталды. 

Ұсталған азаматтар, УАЗ автокөлігі және 20 дана бекіре тұқымдас балығы акті арқылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы полиция бөлімінің тергеу тобына тапсырылды.

Дереккөз: inform.kz

1 сәуір 2020, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.