Атырау, 29 наурыз 15:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

3 129 просмотра


Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Марқұмның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады.

"Бүгін бір науқас коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", - деді Қисықова.

50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған.

Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам байланыста болған, олар үй карантиніне жатқызылды. Сонымен қатар, отбасының екі жақын мүшесінде коронавирустық инфекция тіркелген.

Еске салайық, мұның алдында елімізде коронавирустан 64 жастағы әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейнірек әйелдің Алматыға құдалыққа барғаны анықталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 325 адамға жетті.

Дереккөз: Tengrinews.kz  

31 наурыз 2020, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.