Атырау, 24 сәуір 23:07
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Аулада қараусыз жүрген балалар үшін айыппұл салынады

2 848 просмотра


Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы күшейтілген карантинге байланысты далаға себепсіз шығуға болмайды. Ал кәмелеттік жасқа толмағандар үлкен адаммен бірге жүруі тиіс, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балалар үйде отыруы тиіс.

"Көшеде үлкен адамның қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылады. Егер ондай балалар анықталса, олардың ата-аналары немесе қамқоршылары әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы ("төтенше жағдай режимін бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Балалардың бәрі үйде отыруы тиіс", - деді Таймерденов бүгінгі брифингте.

Осы орайда қаланың бас полицейі тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек алуға, сондай-ақ, жұмысқа баруға рұқсат берілетінін еске салды. Ал үйдің жанындағы дүкенде қажетті тауарлар болмаса, онлайн тапсырыс беруге болады.

"Үйдің жанындағы дүкенде қажетті азық-түлік болмаса, үлкен сауда орталықтарына онлайн тапсырыс беруге болады ғой. Осы қызметті пайдалануға мүмкіндік бар ғой. Ал 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауға кеңес берілді", - деп атап көрсетті Таймерденов.



Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

30 наурыз 2020, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.