Атырау, 2 мамыр 02:25
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мұнайдың бағасы 20 долларға дейін түсіп кетті

2 976 просмотра


Лондон биржасында өткен сауда-саттықтың нәтижесінде WTI маркалы мұнайдың бағасы 20 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Лондон биржасында WTI маркалы мұнайдың бір баррелі 19,98 долларға төмендесе, Brent маркалы мұнай 26,6 долларға дейін түсті.

Осылайша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 4:40-та WTI маркалы мұнай 8,52 процентке төмендеп, баррелі 19,98 долларды құрады. Ал Brent маркалы мұнай 4,65 процентке арзандап, 26,6 долларға дейін төмендеп кетті.

Айта кеткен жөн, мұндай баға соңғы рет 2002 жылы болған, деп жазады РИА Новости. 

Өткен жұма, 27 наурыз күні ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 26,98 доллардан сатылса, WTI-дің бағасы 23,04 доллар болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі мұнайдың бағасы 25 долларға түссе де, осы саладағы жұмыс орындарының сақталатынын мәлімдеген болатын.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қазіргі кезде отандық мұнай-газ саласында 1 355 компания жұмыс істейді. Осы кәсіпорындарда 200 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр. Мұнай баррелінің құны 25 доллар болса, бұл компаниялар ағымдағы шығындарын жауып, қызметкерлерін жұмыспен толық қамтамасыз ете алады. Осылайша, мемлекет табыс табуға емес, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық береді.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

30 наурыз 2020, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.