Атырау, 15 қыркүйек 08:16
 дождьВ Атырау +21.2
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 10 адам сауықты

3 200 рет қаралды


Нұр-Сұлтанда коронавирусты жұқтырған 10 адам ауруханадан шығарылады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шағым жоқ, жағдайлары тұрақты. Олар екі рет зертханалық талдаудан өтті. Олар екі апталық үй карантиніне жіберіледі", - деді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың саны 204-тен асты. Нұр-Сұлтанда 117 науқас бар.

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 наурыз 2020, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.