Қазақстанда алғаш рет әйел облыс әкімі болды

1 050 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Бұл лауазымды бұған дейін Қуанышбек Ысқақов атқарды, ол мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.

Гүлшара Әбдіқалықованың өмірбаяны

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы Қызылорда облысында туған. 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, экономист-сарапшы.

Институтты аяқтағаннан кейін 1987-94 жылдары Қызылорда облысы әлеуметтік қорғау бөлімінің аға инспекторы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

1994-95 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің кеңесшісі.

1995-2003 жылдары Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры болды.

2003-2005 жылдары – Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2005 жылдан – "Мемлекеттік аннуитеттік компания" Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.

2009 жылдың 4 наурызынан – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2013 жылдың 28 қарашасынан – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.

2014 жылдың 11 қарашасынан - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы.

2019 жылдың ақпанынан – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.

2019 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

28 наурыз, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.