Атырау, 25 сәуір 15:20
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тоқаев "Қалаулым" бағдарламасына қатысты тапсырма берді

7 686 просмотра


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қатысты тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан "Қалаулым", "Қалауым сен" бағдарламаларына қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін атап өтті. Оның пікірінше, оған бұл бағдарламалардың халқымыздың менталитетіне, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына қайшы келуі себеп болып отыр.

"Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр", - дейді ол.

Берік Уәли мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын білетінін айтты. Соған сәйкес тапсырма берілген.

"Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірілмей тиісті шешім шығарылады", - деп түйіндеді президенттің баспасөз хатшысы.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

28 наурыз 2020, 08:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.