Атырау, 23 желтоқсан 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз дертінен сауықты

3 147 рет қаралды


Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқан 12 жастағы қыз дертінен айықты. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

"Ертең анализ расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарланып отыр. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жастағы қыз", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев екі адамның аурудан жазылғанын хабарлаған еді. Оның бірі - Нұр-Сұлтанда, екіншісі - Алматы қаласында.

Ал 27 наурызда Алматыда үшінші науқас ауруханадан шықты. Ер адам қалаға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 126 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 60, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3, Атырау облысы – 3, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам.

26 наурызда Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

27 наурыз 2020, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.