Атырау, 21 қаңтар 06:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -12
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

Қазақстанда 65 жастан асқандарға көшеге шығуға шектеу қойылды

3 166 рет қаралды


Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың арасында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бас санитар дәрігердің қаулысында 65 жастан асқан қазақстандықтарға көшеге шығуға шектеу қойып, оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізілетіні туралы айтылады.

Мұның алдында Нұр-Сұлтан және Алматыда 30 наурыздан бастап кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылатыны хабарланған болатын.

"Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті. Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады", - делінген еді хабарламада.


27 наурыз 2020, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.