Атырау, 15 қыркүйек 08:13
 дождьВ Атырау +21.2
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

30 наурызда екі қаладағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысы тоқтайды

4 745 рет қаралды

30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында барлық кәсіпорындар мен ұйымдар (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, әкімдер А.Күлгінов пен Б.Сағынтаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жағдай туралы баяндады.

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында ағымдағы жылдың 30 наурызынан 5 сәуіріне дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметінен басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдар (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Толық тізім қала әкімдіктерімен келісіліп анықталады.

Дереккөз: Zakon.kz

27 наурыз 2020, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.