Атырау, 24 желтоқсан 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Желіде Қызылорда облысы әкімінің ұсталғаны туралы хабарлама тарады

4 047 рет қаралды


Желіде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген қауесет тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp-та тарап жатқан хабарламада Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, оның көмекшісі, оған туыс болып келетін бизнесмен мен тағы бір кәсіпкердің ұсталғаны туралы айтылып жатыр. Жарияланған хабарламада ұсталды делінген адамдардың аты-жөні толықтай жазылған.

"Кеше жұмыста болды. Бүгінгі жағдай бойынша нақты мәлімет бере алмаймыз. Біз қашықтан жұмыс істеу режиміне көштік. Құзырлы органдарға хабарласуды сұраймыз, себебі облыс әкімдігі нақты мәлімет бере алмайды", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері полиция қызмтетінің бұл хабарламаға қатысы жоқ екенін айтады. Сондықтан да ведомство бұл мәліметті не растамай, не жоққа шығара ал алмай отыр.

Айта кетейік, Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысы әкімі қызметіне 2019 жылдың маусымында келген еді. Оған дейін ол облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 наурыз 2020, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.