Атырау, 8 сәуір 06:51
Таңертең ашық+6, күндіз +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 437.20  € 475.32  P 5.79

Маскаларды сату және өндіру лицензияны қажет етпейді - министр

26 наурыз 10:05


Медициналық маскаларды өндіру арнайы рұқсаттардың болуын талап етпейді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хабар 24" арнасында болған брифингте Дәурен Абаев қазір елімізде тәулігіне 850 мың маска шығарылатынын хабарлады.

"Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді еліміздің барлық өңіріне бөледі. Маска тігу жұмыстарын фармацевтикалық кәсіпорындар да, тігін цехтары да жүргізеді. Бүкіл ел бойынша 70-тен астам тігін кәсіпорындары тартылды", - деді министр.

Сонымен қатар, ол маскаларды өндіру мен сату тіркеуді және лицензияны талап етпейтінін атап өтті.

"Бұл медициналық өнім болып саналмайды және техрегламентке қайшы емес. Маскаларды өндіру және сату лицензияның болуын талап етпейді. Өнімнің бұл түрі медициналық бұйым емес", - деді ол.

Бұған дейін Қаржы мониторингі комитеті елдің 12 өңірінде медициналық маскаларды қымбаттатып сатқан 17 оқиға тіркелгенін атап өткен. Барлығы үш миллионға жуық (2 932 019 дана) медициналық маска тәркіленген, олар денсаулық сақтау мекемелеріне берілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

307 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5 6

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: