Атырау, 24 желтоқсан 05:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

"Ел арна" мен "Балапан" телеарналарында оқушылар үшін сабақ өтеді

4 132 рет қаралды


6 сәуірден бастап "Балапан" мен "Ел арна" телеарналарында 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ өтеді. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді.

"Қазір әр күн осы телесабақтың арнайы түсірілімі жүріп жатыр. Балалар үшін екі мыңнан аса телесабақ дайындалады. Нұр-Сұлтан мектептерінің, Назарбаев зияткерлік мектептері, республикалық, халықаралық, жекеменшік мектептердің үздік педегогтері еліміздің барлық оқушысы үшін сабақ өткізеді. Мұғалімдерге тек қолдау керек", - деді Қаринова.

Қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа шыққан еді. 6 сәуірден төртінші тоқсан басталады, балалар қашықтан оқытылады.

"Қашықтықтан оқыту мектепте қырық минутқа созылатын сабақ емес. Бұл жерде басқа әдіс, басқа принциптер қолданылады. Қиын-қыстау кезеңде мұғалімдерді онлайн сабақ түсіруге мәжбүрлеп жатыр деген жаңсақ пікірден аулақ болайық", - деді ол.

Қаринова мектептердің бір бөлігінде сапалы интернет жоқ екенін мойындады. Кейбір балаларда компьютер де жоқ.

"Бұл мәселелердің әрбірі жеке шешіледі",- деп атап өтті вице-министр.

Қазіргі уақытта елімізде барлығы 88 адам коронавирус жұқтырды.

Дереккөз: sputniknews.kz

26 наурыз 2020, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.