Атырау, 24 желтоқсан 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті

3 098 рет қаралды


Қазақстанда тағы жеті адам тапсырған сынама COVID-19 жұқтырғанын көрсетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.

26 наурыз сағат 08:05-те бес адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Елордада үш, Алматыда екі жағдай тіркелгені хабарланған болатын.

Кейін 08:25-те астанада тағы екі адам жұқтырғаны айтылды. Соңғы мәліметке сәйкес, 88 адамда COVID-19 анықталды:

  • астанада  – 46  адам,
  • Алматыда – 34,
  • Қарағандыда - екі жағдай,
  • Алматы облысында - 1,
  • Ақтөбе облысында - 1 адам,
  • Шымкентте - 2 адам,
  • Жамбыл облысында - бір жағдай,
  • Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.


    Дереккөз: Sputniknews.kz 

    26 наурыз 2020, 09:51

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.