Атырау, 8 сәуір 06:33
Таңертең ашық+6, күндіз +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 437.20  € 475.32  P 5.79

Қазақстанда екі науқас коронавирустан сауықты

25 наурыз 17:09


Қазақстанның коронавируспен күрестегі алғашқы жеңісі - екі науқас дерттен жазылды, олар ауруханадан шығарылады.

Қазақстанда екі науқас коронавирустан сауықты, олар ертең ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бүгінгі басты жаңалық – жақсы, қуанышты жаңалық. Ертең екі науқас ауруханадан шығады, олар коронавирустан сауықты. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында, олардан анализдер алынады. Бұл біздің вируспен күрестегі бірінші жеңісіміз деп айтуға толық негіз бар, бірақ соңғы емес", - деп мәлімдеді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Ол үкімет пен балық қазақстандықтың атынан дәрігерлер мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғыс айтты. 

"Кез келген маман үшін еңбегінің нәтижесін көру өте маңызды екенін барлығымыз білеміз", - деді министр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырды. Елордада - 41, Алматыда -31, Қарағандыда - 2, Шымкентте - 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 жағдайдан тіркелді.

 Дереккөз: Sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

404 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5 6

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: