Атырау, 8 сәуір 06:09
Таңертең ашық+6, күндіз +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 437.20  € 475.32  P 5.79

Алматы әкімдігі тұрғындардан дезинфекциядан соң 5 сағат үйден шықпауды сұрайды

25 наурыз 13:50


Келесі залалсыздандыру жұмысының кестесі кіреберістерге ілінеді.

Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы күн сайын күніне екі уақыт мегаполистегі жолдарды жууды ұйымдастыруда. Бұл жұмыстарға суарып жуатын 90 көлік, тротуар жинайтын 54 машина мен 962 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Сондай-ақ қосымша 112 адам қоқыс жәшіктерін, орындықтар мен аялдамаларды дезинфекциялаумен айналысуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 25 наурызда сағат 9.00-ден бастап 32 бригада көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерін залалсыздандыруды бастады. 8633 кіреберіс (2868 үй) пен 1441 ауланы өңдеу жоспарлануда.

«Алматыда карантиннің жариялануына байланысты көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарына, аулаларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Тазалау жұмыстары жүргізілмес бұрын, тұрғындарға дауыс зорайтқыш жабдығы бар көліктер арқылы ескертулер хабарланады. Сондай-ақ келесі өңдеу жұмыстарының кестесі кіреберістерге ілінеді. Өңдеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін бес сағатқа дейін үйден шықпауларыңызды сұраймыз. Келесі залалсыздандыру жұмысының кестесі кіреберістерге ілінеді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін Есентай, Үлкен Алматы және Теренкур өзендерінің жағалауын дезинфекциялау жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, қаланының тазарту жұмыстарына Алматы гарнизонының күштері тартылды. Олар бірінші кезекте жалпы көлемі 60 га. болатын қаланың жеті ірі базарларын дезинфекциялады. Бұл жұмысқа 317 сарбаз жұмылдырылды. Оған қоса 11 бірлік арнайы техника мен өңдеу жұмысына киілетін 151 киім жиынтығы берілді. 49 тонна арнайы су ерітіндісі жұмсалды.

Сонымен қатар, гарнизон қызметкерлері карантиндік бақылауда тұрған 13 медициналық ұйымға санитарлық өңдеу жүргізбек. Бұл жұмысқа 320 әскери қызметші жұмылдырылады.

Дереккөз: Almaty.tv

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

359 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5 6

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: