Атырау, 24 желтоқсан 05:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматының бас санитар дәрігері карантиннен шықты

3 192 рет қаралды


Айзат Молдағасымова 14 күн бойы үй карантинінде болды. Сынама оның коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын көрсетіп отыр.

Алматы қаласының тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова жұмысқа шықты. Ол үй карантинінде болған.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырған жолаушымен бір ұшақта болғаны хабарланды.

"Наурыздың 10-нан 24-не дейін үй карантинінде болдым. Дәрігер менің жұмысқа шығуыма болатынын айтты. Екі рет сынама тапсырдым, вирус жұқтырмағанымды көрсетті", - деді ол баспасөз мәслихатында.

Молдағасымова коронавирус бойынша қауіпті саналмайтын елден Германия арқылы транзитпен ұшқанын айтты.

"Германия вирус қаупі бойынша екінші санатта болатын. Мен транзиттік аймақта небәрі бір жарым сағат болдым", - деді ол.

Дереккөз: Sputniknews.kz

25 наурыз 2020, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.