Атырау, 24 желтоқсан 05:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

6 сәуірден бастап Қазақстан оқушылары қашықтан оқуға кіріседі

3 297 рет қаралды


Сондай-ақ, мектеп оқушылары үшін отандық телеарналарда қосымша видео сабақтар ұсынылатын болады.

6 сәуірден бастап қазақстандық оқушылар қашықтан оқи бастайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқуға көшеді. Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі оны жүзеге асырудың тетіктерін әзірлеп жатыр. Көп ұзамай ата-аналар барлық қажетті ақпараттарды алады", - деді министр.

Оның айтуынша, "Балапан" және "Ел Арна" телеарналарында мектеп оқушыларына арналған қосымша видео сабақтар беріле бастайды.

Бірақ, бұл - негізгі емес, қосымша шара. Бұл сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындайды, - деді Дәурен Абаев.

Дереккөз: Zakon.kz

25 наурыз 2020, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.