Атырау, 24 желтоқсан 05:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйелмен байланыста болған 68 адам карантинге жабылды

5 322 рет қаралды


Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйелмен байланыста болған 68 адам карантинге жабылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйел 22 наурыз күні таңертең Мәскеуден ұшып келген. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп бағалап отыр.

"Ұшақта 57 жолаушы болған. Бәрінен тест алынды. Олардың жағдайы да тұрақты", - деді Қалиев брифингте.

Оның хабарлауынша, науқаспен байланыста болған барлығы 68 адам оқшауланды. Тағы  38 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 60 науқас тіркелді. Алматы қаласында 24 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Қарағанды каласында 2 адам, Алматы облысында 1 адам, Ақтобе облысында 1 адам коронавирус жұқтырды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

23 наурыз 2020, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.