Атырау, 3 мамыр 21:05
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Талдықорғанда үйдің ауласынан 500 мыңға жуық маска табылды

3 139 просмотра


Алматы облысында жер үйдің ауласынан 250 қорап медициналық бетперде табылды, әр қорапта шамамен 1800-2000 дана маска болған.

Талдықорған қаласында 500 мыңға жуық медициналық бетперде тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорғандағы жер үйлердің бірінің ауласынан 250 қорапқа салынған медициналық бетперде табылды. Әр қорапта шамамен 1800-2000 дана маска болған.

Полицияның болжамынша, күдікті тауарды тиеп, одан әрі жөнелтуге дайындаған.

"Беркут-162" патрульдік экипажы аулаларды аралау барысында жасырын  қойманы байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. 1960 жылғы жұмыссыз азамат ұсталды", - деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Қазір алдын ала тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында медициналық маскалардың қайдан шыққаны, кімге тиесілі екені және қайда тасымалданбақ болғаны анықталады.

Айта кетсек, үкімет дәріханаларда бетперде жеткілікті дегенмен, қазақстандықтар маска таппай қиналып жүр. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

22 наурыз 2020, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.