Атырау, 24 желтоқсан 05:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Әскери қызметшілер бір күндік жалақыларын коронавируспен күреске аударды

2 884 рет қаралды


ҚР Қорғаныс министрлігінің əскери қызметшілері өздерінің бір күндік жалақыларын коронавируспен күресу үшін құрылған қорға аударды. Қаржылай көмекті аудару шешімі ерікте түрде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарулы Күштерінің жеке құрамы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың идеясын бірауыздан қолдап, осылайша армияның инфекцияның таралуына қарсы күресте барлық мүмкін болатын көмек беруге дайын екендігін тағы бір мәрте көрсетті.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның тұңғыш президенті, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу тастап, «қауіп-қатерге қарсы бір мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз, сондықтан әрбір азамат өз үлесін қосуы керек» деген ұсыныс жасады. Сондай-ақ, қаражат жинау үшін республикалық қор құру ұсынылды. 

Қазіргі таңда бұл идеяны Елбасы кеңсесі қызметкерлері мен Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары қолдады.

Дереккөз: Inform.kz

22 наурыз 2020, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.