Атырау, 20 сәуір 01:14
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы коронавирусқа қатысты брифинг өткізді

3 254 просмотра



Выступление заместителя Премьер-Министра РК Ералы Тугжанова на онлайн-брифинге о принимаемых мерах по нераспространению COVID-19 на территории Казахстана на текущее время.

Құрметті қазақстандықтар!

Коронавирус инфекциясы әлемнің 160 еліне таралды. Бүгінгі таңда елімізде 49 факт тіркеліп отыр, оның ішінде жаңадан3-уі Алматы қаласында және 2-уі Қарағанда облысында. Республикада өлім жағдайлары жоқ.

Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін елімізде төтенше жағдай енгізілді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілігімен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде. Қазіргі кезде Үкімет тәулік бойы жұмыс істейді, нақты шешімдер бір-екі күн ішінде қабылдануда.

Қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты - коронавирус індетінің еліміздің басқа өңірлеріне таралуына тежеу жасау. Сондықтан:

1. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу шектетіледі – наурыз айының 22-нің 00-сағатынан бастап аталған екі қаламен әуе, теміржол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22-не дейін азаматтарға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуге немесе кетуге болады.

2. Өндірістік товарлар сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртібінде жұмыс істейді.

3. Қазақстан Президентінің шешімімен мемлекеттік қызметшілердің 70% қашықтықтанқызмет ету тәртібіне өтеді. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының меншік түріне қарамастан барлық басқа мекемелерінің жұмысы қашықтықтан қызмет ету тәртібіне өтеді. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – әр азаматтың өз үйінде болуын, басқа адамдармен қарым-қатынасын толығымен шектеуді қамтамасыз ету.

4. Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қаралған. Бұл жұмыстарға 32млдр.тг.астамбөлу жоспарлануда(республикалық бюджеттен – 14,8, жергілікті бюджеттен – 18). Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң заңды шаралар қолданылады.

5. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салықтардың бірқатар түрінен жеңілдіктер қарастырылды: - шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін (сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер)жеке мүлікке төленетін салықтарды және салықтар бойынша қарыздарын төлеудіуақытша тоқтату; - жалпы тәртіпте жұмыс істейтін 72 мың кәсіпкерді жылдың аяғына дейін 10%-дық жеке табыс салығынан босату. Бұл шаралар қаржы жағдайы нашарлаған бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалып отыр.

6. Елбасының халыққа арнаған Үндеуіне сәйкес Үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға ерекше назар аударатын болады. Қазіргі таңда, бүгінгі жұмыс орындарын сақтаумен қатар 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті тұр. Осыған орай, Үкімет тарапынан 300 млрд теңге қарастырылып, жұмыспен қамту жол картасы әзірленді. Осыған орай, мекеме басшыларын, бизнес қоғамдастығын жұмысшылардың еңбек құқықтарынқамтамасыз ету, қысқартуға жол бермеу арқылы әлеуметтік келеңсіздіктердің алдын-алуға шақырамын.

7. Медициналық бетперделер мәселесіне келсек – бұл Үкіметтің тұрақты бақылауында тұрған жұмыс. Бүгін Қазақстанда күніне 365 мың маска шығарылады. Алдағы мақсат – күніне 1 млн данаға жеткізу.

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Бүгінгі әлемдік экономикалық жағдай барша мемлекеттер үшін үлкен сын сағаты болып отыр. Әр адам өтетін бабаларымыздан қалған үш сынақ қағидасы бар – бақ сынағы, қиыншылық сынағы, өлім сынағы деген. Бүгінгі жағдай адам баласына ғана емес, мемлекетімізге, тәуелсіздігімізге түскен сынақ болып отыр. Ұлтымыз өз тарихында бұл сияқты сынақтардан қаншама рет ауызбіршілігінің арқасында өткен, адамгершілігінің арқасында халық болып жабыла көтерген. Біз, бүгінгі ұрпақ та, бірлесе отырып, жұмыла көтеріп, ортақ шешімдеріміздің арқасында барлық мәселелерді еңсереміз деп сенемін.

Мемлекет өзінің барлық міндеттерін толығымен орындайды. Қазақ халқында алты байлықтың қадірін білу деген ұғым бар.Соның ішінде денсаулықтың, өмірдің, халықтың, туған-туыс пен дос-жаранның, қолда бардың қадірін білу. Қазіргі жағдайда әр адам өз отбасына, ұжымына, туған-туыстарына жауапты тұлға ретінде сақтық шараларын жасап, мемлекет тарапынан жасалып жатқан шектеулерді дұрыс түсініп, уақытша енгізілген талаптарды орындауы қажет. Мұның бәрі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалынып отыр. Бүгін баршамызға қажырлы қайрат, терең сабыр, тәртіп пен ұқыптылық қажет. Берекеміз ауызбіршілікте. Ырысымыз ынтымағымызда. Біз қашанда біргеміз. Сондықтан, ақиқатты ақпаратқа ғана сеніп, қоғамда үрей туғызбауға шақырамын. Назарларыңызға рахмет!

Дереккөз: Сoronavirus2020.kz

20 наурыз 2020, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.