Атырау, 24 желтоқсан 03:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Ираннан келген қауіпті 62 тонна қияр жойылды - АШМ

3 439 рет қаралды


ҚР АШМ инспекторлары Ираннан келген қауіпті 62 тонна қиярды жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің сайтына сілтеме жасап. 

Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды. ҚР АШМ Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесін анықтады. 

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр тәркіленіп, дереу жойылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат  

20 наурыз 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.