Атырау, 29 наурыз 02:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

5 400 просмотра


Қазақстаннның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустың таралуымен күресу кезінде тұрғындарды билікке қолдау көрсетуге шақырды. Үндеудің толық мәтіні Елбасы сайтында жарияланған. 

"Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да аумағына таралуда. Бұл жағдайды халықаралық экономикалық дағдарыс –  шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде. Басқаша айтқанда, "дүлей дауыл" деп сипаттауға болатын үлкен қауіп-қатер алдында тұрмыз. Шешу жолдарын табу тұрғысынан күрделі боп отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға ұқсайды",- деді ол.

Назарбаев қазақстандықтарды билікке қолдау көрсетуге шақырды.

"Осындай ауыр кезеңде мен барлық қазақстандықтарды ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырамын. Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау",- деді тұңғыш президент.

Ол қазір коронавирус инфекциясының залалын азайту және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі арнаулы штаб жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі дағдарыс ұзағырақ уақытқа созылар болса, үкімет оған қарсы шаралар әзірлеуге тиіс. Ондай жағдайда елімізді және азаматтарымызды қатаң үнемшілдікке, кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керек",- деді Назарбаев өз үндеуінде.

Дереккөз: Sputniknews.kz

20 наурыз 2020, 08:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.