Атырау, 24 желтоқсан 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Нұр-Сұлтанда кейбір азық-түлік түрлері бес келіден артық сатылмайтын болды

3 387 рет қаралды


Елордада енді қант, ұн, күріш және қарақұмық бір адамға тек бес келіден сатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы  Ерлан Бекмырзаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елорда тұрғындарына қант, ұн, күріш және қарақұмық өнімдері бес келіден артық сатылмайды. Яғни, дүкенге бір барғанда әр өнімнен ең көбі бес-бес келі ғана сатып ала аласыз.

Сонымен қатар күнбағыс майына да бес литрге дейін шектеу енгізілді.

"Күріш, ұн, қант, кептірілген жеміс жидектер қапталған күйде сатылуы керек. Бұл талап көкөніс пен жеміс жидектерге қатысты емес", - деді ол.

Бұдан бөлек, Бекмырзаев сауда орындарында кезекте тұрған адамдар бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруы керек екенін атап өтті.

Карантинге байланысты дәмханалар, мейрамханалар, асханалар жұмысын тоқтатады.

Ал үй ауласындағы азық-түлік дүкендері қалыпты режимде жұмыс істейді.

Айта кетсек, бүгіннен бастап Қазақстанның астанасы мен Алматы қаласы карантинге жабылды.

Соңғы мәлімет бойынша, елде 37 адам коронавирус жұқтырған, Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда -18.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

19 наурыз 2020, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.