Атырау, 24 желтоқсан 03:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматы облысының тұрғындары карантиннің бірінші күні қалаға кірмек болды

3 311 рет қаралды


Алматы облысының тұрғындары карантиннің алғашқы күні Алтын Орда маңында жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Желіде қаладан шығаберістегі блок-пост маңында облыс тұрғындарының жиналғаны түсірілген видео жарияланды. Видео кадрларынан бірнеше көлік пен ұзын-сонар кезекті көруге болады.

Қалалық полиция департаментінің өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Полицейлердің мәліметінше, видео Алматының шетінде түсірілген.

"Халыққа карантин жарияланып, қалаға кіру туралы хабарланып, ескертілгенімен олар жалпы нормаға бағынғысы келмей жатыр. Қазір мен осындамын, жағдай тұрақты", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Дереккөз: Tengrinews.kz     


19 наурыз 2020, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.