Атырау, 24 желтоқсан 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

"Алты ай төлемақы алуға болады": Министр жұмыссыз қалғандарға кеңес берді

4 647 рет қаралды


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қысқартуға ұшыраған жұмысшыларға кеңес берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қызметкерлердің 70 процентін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыруға ұсыныс жасалды. Жеке кәсіпорындар да солай істей алады. Ал қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі болмаса, жұмыс кестесін қысқартуға немесе қызметкерді ақылы еңбек демалысына жіберуге болады. 

"Егер жоғарыда аталған шараларды қолдануға мүмкіндік болмаса, шағын кәсіпкерлер жұмысшыларын қысқартуы мүмкін. Еңбек заңы бойынша жұмыс беруші өзінің қызметкерін қысқартатын болса, ол туралы бір ай бұрын ескертіп, оған бір айлық жалақы көлемінде өтемақы төлеуі тиіс екенін ескертеміз", - деді Нұрымбетов арнайы баспасөз мәслихатында.

Ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жұмыссыз қалған азаматтарға төлемақы беру жүйесі жұмыс істейтінін де еске салды. Осы қордан алты ай бойы әлеуметтік төлем алуға мүмкіндік бар. Оның мөлшері жоғалтқан жалақының 40 процентіне дейін барады.

"Осы төлемақыны алу үшін жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Бұны қашықтан жасатуға болады, ары қарай проактивті түрде тиісті әлеуметтік төлем тағайындалады. Жұмыссыз қалған азамат оны алты ай бойы ала алады", - деп түсіндірді Нұрымбетов.


Дереккөз: Sputnik Қазақстан

18 наурыз 2020, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.