
Түркістан облысында коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан 3 адам тергеліп жатыр.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте полиция департаментінің бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев мәлімдеді.
Полицейлер жалған ақпарат таратқан азаматтар Қазақстан Қылмыстық кодексі бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
"Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" деп аталады және оның санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Мәселен, облыста Мақтаарал, Шардара аудандары мен Кентау қаласында 3 дерек тіркелді", - деді Әбдіғани Сейдуалиев.
Олар коронавирусқа байланысты жүріп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарын ұялы телефонға түсіріп, сол өңірлерде оба тарап жатыр деген мағынада бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде таратқан. Қазір тергеу амалдары жүруде, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Айта кетейік, Қазақстанда 33 адам коронавирус жұқтырды. Оның он сегізі – Нұр-Сұлтанда, он бесі – Алматыда.
Дереккөз: Sputniknews.kz
В Атырау 0