Атырау, 24 желтоқсан 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда оныншы адам коронавирус жұқтырды

3 395 рет қаралды


Қазақстанда тағы бір адамда коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

Елімізде Covid-19 жұқтырған оныншы адам 1986 жылы туған әйел. Ол Алматыға Стамбулдан жексенбі күні келген.

Осымен Алматыда сегіз және елордада екі адамда вирус анықталды.

Бесеуі Германиядан, біреуі Италиядан, бір адам Сеулдан, тағы бір әйел Варшавадан келген. Алайда ол да бұған дейін Германияда болған. Тағы бір әйел Мәскеуден келген қазақстандықтың жұбайы. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 2008 жылы туған қыз да бар. Ол Алматыға Германиядан келген.

Дерккөз: Sputnik Қазақстан 

16 наурыз 2020, 19:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.