
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоүндеу телеарналардың эфирінен таратылды.
"Сақтанғанды құдай сақтайды. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар жауапқа тартылады. Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін мықты екенімізді көрсетуіміз керек. Сондықтан бәріміз бір адамдай жұмылып, бір адамдай күресуіміз керек", - деді Президент үндеуінде.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазақстандықтарды коронавирустың алдын алу шараларын мұқият орындауға шақырды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау 0