
«Қазіргі таңда Қазақстанда 8 науқас бар. Бәрі оқшаулауда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.
Бүгінгі таңда қосымша тағы екі адам тіркелді. Бірінші науқас - 1959 жылы туған әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда оқшаулауда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын байланыстағы адам ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның отбасындағы жақындарының бәрі оқшаулауда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.
Министр екінші адам ер кісі екенін, кеше «Сеул-Алматы» ұшағымен келгенін атап өтті. «Ұшақтан келген 130 жолаушының ішінде трансфермен кеткені бар. Бәрі де 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Ішінде бір пациентті анықтадық», - деді ол.
Кеше тағы екі қазақстандықтан коронавирус табылып, жалпы 6 адамның бұл дертті жұқтырғаны айтылған еді. Бүгінгі жағдаймен науқастардың саны 8-ге жетті.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау 0