Атырау, 26 ақпан 16:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

Қазақстанда төтенше жағдай: азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істей ме?

4 935 рет қаралды


Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтатпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елімізде төтенше жағдай жариялануына қарамастан азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді. Сауда-ойын сауық орталықтарындағы азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеуіне қатысты мәселені әкімдіктерден нақтылап жатырмыз. Себебі, бұл мәселеге қатысты шешімді әрбір әкімдік өзі қабылдайды. Алайда жеке азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істейді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, министрлік Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі сауда орнының жұмысына шектеу қойылуы мүмкін екенін жеткізді.

"Шектеулер қойылуы ықтимал. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Артем" сауда үйі жабылуы мүмкін. Алайда оның бірінші қабатындағы азық-түлік сататын орын жұмыс істейді", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

15 наурыз 2020, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.