Атырау, 16 маусым 23:32
 дождьВ Атырау +32.5
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

Министрлік коронавирусқа байланысты енгізілген шектеуді түсіндірді

2 934 рет қаралды


Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Оған сәйкес елге келетін шет мемлекет азаматтарына бірқатар шектеу қойылады.

Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады.

"Шектеу - бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады", - деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Оған сәйкес елде 16 наурыз 08:00-ден бастап 15 сәуір 07:00-ге дейін төтенше жағдай режимі болады.

Төтенше жағдай кезіндегі шектеудің бірі - Қазақстан және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіріп-шығуын шектеу. 

Қазір 1425 адам стационарлық карантинде жатыр, ал 496 адам үйде карантинге алынған.

Дереккөз: Sputniknews.kz

15 наурыз 2020, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.