Атырау, 24 желтоқсан 02:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматы облысында металл қабылдау орнында жарылыс болып, ер адам қаза тапты

Бейнежазба
5 316 рет қаралды


Алдын ала болжам бойынша, оның қолында әскери снаряд жарылған болуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан белгісіз заттың ер адамның қолында жарылып, алақан бөлігін жұлып кеткенін кеткенін аңғаруға болады. Алдын ала болжам бойынша, оқиға Қапшағайдағы металл қабылдау орнында 14 наурызда болған.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жетекшісі Ақбота Әзірбек аталған оқиға тексеріліп жатқанын, ол туралы ақпаратты Қорғаныс министрлігінен алу керегін айтты. Өйткені, жарылған зат снарядқа қатты ұқсайды. Оның металл қабылдау орнына қалай түскені де әзірге белгісіз.


Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ақпаратты ресми сайттарында жариялайтындарын айтты.

Дереккөз: Азаттық рухы

15 наурыз 2020, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.