Атырау, 1 мамыр 22:21
 бұлттыВ Атырау +13
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстанда Наурыз мейрамы кезінде теракт жасамақ болған адам ұсталды – ҰҚК

9 259 просмотра


Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Наурыз мейрамы кезінде теракт жасамақ болған экстремисті ұстады.

Ер адам 13 наурызда Алматыда құрықталды, ол сот санкциясымен қамауға алды.

"Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт жасауға дайындалды деген күдікке ілінді. Тергеу амалдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де көмек беру) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.  

Ұсталған адам "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанғаны хабарланды. 

Дереккөз:  Sputnik Қазақстан 

14 наурыз 2020, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.