Атырау, 24 желтоқсан 02:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 адамға жетті

3 234 рет қаралды


Денсаулық сақтау министрлігі тағы екі адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шұғыл ақпарат, дәл қазір белгілі болғандай, Алматы қаласында тағы бір адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Ол – 1958 жылғы ер азамат, жеке кәсіппен айналысады. Ол кісі Мәскеуден 10 наурыз ұшып келген. Қазіргі кезде ол азамат стационарда карантинде жатыр", - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы бір әйел анықталды. Ол Варшава – Нұр-Сұлтан ұшағымен келген. Осылайша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 адамға жетті. Төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

14 наурыз 2020, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.