Атырау, 2 мамыр 03:32
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Семейде автобустар күніне 3 рет дезинфекциялануда

2 496 просмотра


Семей қаласында қоғамдық көліктер күніне 3 рет дезинфекциялануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы короновирусқа қарсы қабылданған шараларға арналған отырыс барысында Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов айтты.

«6 наурыздан автобус салондарын тазартып отыру жұмыстарын бастадық. Барлық қоғамдық көліктердің тізімі жасалды. Бүгінде үш тасымалдаушы компанияға да хат жіберілген. Олар дезинфекция жұмыстарын өздері жүргізуде. Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес дезинфекция күніне 3 уақыт, нақты айтқанда таңертең, түстен кейін және кешке қарай гаражға оралғанда жасалады», - дейді ол. 

Осы мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта әуежайда және автобекеттерде де басталмақ. Сондай-ақ аталмыш отырыс барысында азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу мәселесі қаралды. «Бүгінде маусымға сай кейбір азық-түліктің бағасы артқан. Бірақ оның коронавируске еш қатысы жоқ. Атап айтқанда, қарақұмық жармасы 1,8%, сәбіз 3,5%, пияз 4,8% және жұмыртқа 1% қымбаттады. Басқа азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты», - деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Шәкәрімов.

Оның айтуынша, тұрақтандыру қорында 850 тоннаға жуық азық-түлік бар. Алайда қаладағы сауда орындарының бәрі бірдей тұрақтандыру қорымен келісімге келе бермейді. Қазіргі таңда тек 43 дүкенмен келісімшарттар жасалған. Бағаға мониторинг жасайтын арнайы топ құрылды, оның мүшелері сауда орындарымен жұмыс істеуде. Жалпы шаһар бойынша кәсіпкерлермен бағаны тұрақтандыру туралы 280 меморандумға қол қойылған. Азық-түлік қоры жеткілікті. Қала әкімі Ермак Сәлімов бағаның қымбаттауына жол бермеуді тапсырды.

Дереккөз: inform.kz

14 наурыз 2020, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.