Атырау, 1 мамыр 19:32
 бұлттыВ Атырау +13
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Біртанов: "Б" жоспары іске қосылды

3 270 просмотра


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметің "Б" жоспары іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Б" жоспары іске қосылды. Елде коронавирус жұқтырғандар анықталды. Сондықтан халықтың қауіпсіздігі үшін, ең алдымен науқастардың қауіпсіздігі үшін шаралар қолданылады. Олар бекітілген санитарлық стандарттар мен алгоритмдерге сәйкес науқастармен байланысқан тұлғаларды іздеп, оларды оқшаулайды", - деді министр. 

Министр қажет жағдайда шектеу шаралары қолданылатынын айтты. 

"Кеше Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынды. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз, қажет жағдайда әкімдік және үкімет деңгейінде шара қолданамыз", - деген еді Біртанов. 

Бұған дейін Біртанов елде коронавирус тіркелген жағдайда үкіметте "Б" жоспары барын хабарлаған.

Еске салайық, Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге Германиядан 9 наурызда келген. Онымен бірге ұшып келген 73 жолаушы карантинге жатқызылады. Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 наурыз 2020, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.