Атырау, 2 мамыр 01:26
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Балабақшалар өз жұмысын жалғастыра береді - Аймағамбетов

2 824 просмотра


Балабақшаларда коронавирус анықталған жоқ.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында елімізде вирустың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталған алдын-алу шараларына қарамастан балабақшалар жұмысын жалғастыра беретінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол инфекция анықталған жағдайда ғана шұғыл шаралар қолданылатынын айтты.

Қазақстанның балабақшаларында коронавирус ауруы анықталған жоқ, сондықтан балабақшалар өз жұмысын жалғастырады. Ал анықталған жағдайда қажетті шаралар қабылданады, - деді ол.

Айта кету керек, студенттер 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытуға көшеді. Оқушылардың демалысы бір апта бұрын - 16 наурыздан басталады. Ал көктемде болатын ҰБТ мерзімі кейінге шегерілді.

Дереккөз: Zakon.kz

13 наурыз 2020, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.