Атырау, 24 желтоқсан 02:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

АҚШ Қазақстанға 890 мың доллар ақша бөлуге дайын

3 006 рет қаралды


АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавируспен күресуге 890 мың доллар бөлуге дайын. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов COVID-19 мәселесі бойынша халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы ресми өкілдерімен кездесті.

"АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күрес әлеуетін арттыруға 890 мың доллар бөлуге дайын. Бұл қаражат серіктес халықаралық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдарының халықаралық федерациясы Abt Associates Inc.)", - деп хабарлады министрлік.

Кездесу барысында бірлескен жобалық команда құру шешілді. Ол медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау, зертханалық мүмкіндіктерді күшейту, емдеу секілді мәселелермен айналысады.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Ирина Смирнова үкімет коронавирусқа бөлінген қыруар қаражат қалай жұмсалып жатқанынан қазақстандықтарға айтуы тиіс деп мәлімдеген болатын.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу үшін 3,5 миллирад теңге бөлінгені хабарланды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қаражаттың бір бөлігі қорғану құралдары – бетперде, костюм, көзілдірік, зарарсыздандыру құралдары, тепловизор, зертханалық қондырғылар алуға жұмсалғанын мәлімдеді.

Қазақстанда әзірге коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген жоқ. Бірақ билік ауқымды эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін қолға алды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

13 наурыз 2020, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.