Атырау, 24 желтоқсан 00:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстан коронавирус жұқтырған елдерге баруға тыйым салды

3 082 рет қаралды


Қазақстандықтарға коронавирус таралған елдерде өтіп жатқан спорттық, мәдени және туристік іс-шараларға қатысуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфекцияны әкелмеу мақсатында бүгіннен бастап шаралар қабылдануы керек. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерге халықаралық бағыттарды шектеу керек. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерде өтетін халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға баруға тыйым салынады", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Айта кетейік, 1 А категориясындағы елдерге Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италия, 1 Б категориясындағы елдерге Франция, Германия және Испания кіреді. Ал екінші категорияға Швейцария, Ұлыбритания және Нидерланд, үшінші категорияға Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин және АҚШ кіреді.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

12 наурыз 2020, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.