
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомсто бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. ⠀ Министрліктің мәліметінше, ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасып жатыр. ⠀ "4650 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 а санаты бойынша – 1217, 1 б санаты бойынша – 189, 2 санат бойынша – 3244 адам медициналық бақылауда болды.
Барлығы 676 адам бақылаудан алынды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр. ⠀ 11 наурызға барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 б санаты бойынша – 20 адам, 2-санат бойынша – 36 адам, 3-санат бойынша – 34 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр", - дейді министрлік өкілдері.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау 0