Атырау, 23 желтоқсан 20:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан мектептерінде каникул уақыты өзгере ме?

3 342 рет қаралды
© Тұрар Қазанғапов

Мектептердегі мерекелік іс-шараларға шектеу қойылуы коронавирусқа байланысты емес. Себебі Қазақстанда COVID-2019 анықталған жоқ. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелген жоқ. Сондықтан да карантин жариялап, каникул уақытын өзгертпейміз", - деді Бекшин.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасындағылар коронавирустың алдын алу мақсатында 8 наурыз қарсаңында қоғамдық жерлерге көп бармауға кеңес береді.

Еске салайық,бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды. Сондай-ақ, вирустың Үндістанға жеткені белгілі болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.

Дереккөз: Tengrinews.kz

3 наурыз 2020, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.