Атырау, 26 сәуір 16:30
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Астаналық сараптама неге жүргізілмеді?

2 476 просмотра


Облыстық сотта 2017 жылы шілдеде босану кезінде қайтыс болған Анаргүл Майлыбаеваның өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық шағымды қарау жалғасты.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш іс бойынша сот тергеуі өткен жылдың қаңтар айында басталған еді, сотталушылар орындығынан облыстық перинатальдық орталықтың 4 дәрігері (Кенжеғалиев, Орынбасарова, Жанаев және Құлниязова) орын алды. Оларға ҚР ҚК 317 бабы, 3 бөлімі («Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан - медицина қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») бойынша кінә тағылды. Сот ісі 8 айға созылып, қазан айында №2 қалалық соттың төрағасы Мейрамбек НАҒАШЫБАЕВ 4 сотталушының барлығын да «қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты» ақтап шыққан болатын.

Алайда Майлыбаеваның туысқандары сот шешімімен келіспей, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасына апелляциялық шағым жасады. Шағымды қарау барысында өткен жылдың 5 қарашасында прокурор Нұржан ӘБІЛОВ қайтадан сот-медициналық сараптама тағайындау туралы өтініш берді. Тараптарды тыңдаған судья Дина ТҰХПАТОВА: «Жан-жақты және объективті зерттеу үшін Нұр-Сұлтан қаласында сот-медициналық сараптама институтына басқа құрамдағы жоғары білікті мамандарды тарта отырып, алдыңғы екі сараптама нәтижелері бір-біріне қайшы келетіндіктен қайтадан сот-медициналық сараптама тағайындалсын» деген шешім шығарды.

Осыған сәйкес, қылмыстық іс бойынша сот тергеуі қайта басталды.

Міне, таяуда ғана тараптар астанадан жауап алды, ал онда неге екені белгісіз, 2019 жылдың 25 қарашасы деп жазылған. Келген жауап хатта қайтадан сараптама тағайындау туралы қаулыда күдікке алуға немесе алдыңғы сараптама нәтижелеріне келіспеушілікке негіз көрсетілмеген, сондықтан да қаулы ҚР ҚПК (270-280 баптар) талаптарына сәйкес қайтадан өзгертілуі тиіс деп хабарланған. Сараптамаға жіберілген барлық материалдар  кері қайтарылды.

Бірақ жәбірленуші тарап қаулының кері қайтарылуы жөніндегі жауапты тек қазір, яғни, 3 айдан соң алып отырғандарына наразылық білдірді. Анаргүлдің апасы Өміргүл Майлыбаеваның үндеуіне сотта сараптама жүргізу өте қиын екенін, мерзімі алдымен 23 желтоқсанға дейін, одан соң 22 қаңтарға дейін  ұзартылғанын айтты. Өміргүл Майлыбаева 2020 жылдың 18 ақпанында облыстық прокуратурадан жауап алғанын айтты. Онда «Бүгінде іс бойынша сараптама аяқталды және сараптамашының қорытындысы іс материалдарымен бірге облыстық сотқа жіберілді» делінген. Алайда соңында ешқандай да сараптама жүргізілмегендігі анықталды.


Осы отырыста прокурор Лаура САМАТОВА қолда бар дәлелдермен істі қарауды өтінді, бірақ жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан ЖОЛБОЛОВ тағы бір сараптама тағайындау туралы өтініш берді. Онымен бұрын ақталған дәрігерлер мен олардың адвокаттары қарсылық білдіріп, келіспеді.

Судья кеңесу бөлмесіне кетті, кейін сот шешімін жариялады: Қарағанды қаласында қайтадан сот-медициналық сараптама тағайындалады, оның жүргізілуі ҚР әділет министрлігінің бақылауында болады. Бұл шешім шағымдануға жатпайды.

Жүргізілмей қалған астаналық сараптамаға қатысты судья Тұқпатова былай деп түсінік берді, қаулының қайтарылуы туралы сараптама институтынан келген жауапқа директордың емес, басқа бір белгісіз адамның қолы қойылған, бұл іс 3 айға созылған және ол қылмыстық істің томдарымен 17 ақпанда келіп түскен. Судья сондай-ақ, осы уақыт ішінде астаналық сараптамашыларға үнемі қоңырау шалып отырғанын, ал олардан сараптама жүргізіліп жатыр деген жауап алғанын айтты.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

28 ақпан 2020, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.