Атырау, 27 сәуір 01:04
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құны 30 млн теңгелік бекіре балығын сатпақ болған полицей ұсталды

4 995 просмотра


Маңғыстау облысында құны 30 млн теңгелік бекіре балығын сатпақ болған полицей ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оның дерегінше, Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлік полиция департаментінің қызметкерін ұстады. Ол қызмет бабын пайдаланып, жалпы құны 30 миллион теңгелік салмағы 111 келі болатын құрып кету қаупі бар «бекіре» тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаумен және сатумен айналысқан. «Қазіргі уақытта полиция қызметкері өз кінәсін мойындады», - деді Қайсар Баржақсынов.


Дереккөз: Inform.kz

28 ақпан 2020, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.