Атырау, 23 желтоқсан 22:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті - Тоқаев

3 125 рет қаралды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына қатысты тапсырма берді.

"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", - деп жазған Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда 78 824 адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде қазіргі уақытта 39 919 адам ауырып жатыр (7 952 адамның жағдайы ауыр), 36 117 адам ауруханадан шығарылды және 2 788 адам қайтыс болды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 46 елде 3664 адамға жетті, 57 адам қайтыс болды.

28 ақпан 2020, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.