Атырау, 24 желтоқсан 00:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Италиядағы қазақстандықтарды елге қайтару жөнінде келіссөз жүріп жатыр

2 140 рет қаралды


Сыртқы істер министрлігі Италиядағы қазақстандықтарды елге қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Біздің мәлімет бойынша, Италияда 1800 қазақстандық азамат бар. Оның 673-і консулдық есепте тұр. Италиядан Қазақстанға тікелей рейс жоқ, көбіне үшінші мемлекет арқылы жүреді. Біздің елшілікте жедел штаб құрылды, олар әлеуметтік желі арқылы жағдайды баяндап, бақылауда ұстап отыр. Ауру жұқтырған және ауру жұқтыруы мүмкін азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ», - дейді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, ол қазақстандық азаматтарды Еуропадан қайтарудың қиындықтары туралы айтты.

«Еуропа рейстерінің қиындығы аз емес. Кез келген азамат Еуроодаққа мүше елдердің кез келгеніне шекараны кесіп өтіп, арнайы мөрсіз бара алады. Бұл туралы ешкім білмей де қалады. Біз еуропалық серіктестермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Еуропалық билік шешім қабылдауда. Жақын арада жауабын айтады», - дейді ол.

Дкереккөз: Inform.kz

27 ақпан 2020, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.