Атырау, 24 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Ақмола облысында Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды

3 653 рет қаралды


27 ақпанда Ақмола облысы Талапкер ауылында екі күн бұрын Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған белсенді Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Боран ұйытқып тұрғанына қарамастан белсендінің жаназасына мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында аймақтан келген қоғам белсенділері, тіркелмеген "Көше партиясы" өкілдері, саясаткерлер болды.

Белсендінің жаназасына жиналғандар Дулат Ағаділдің әділет үшін күрескен батыл азамат, көп балалы аналарға араша түскен күрескер болғанын айтып, оның өліміне билікті кінәлады. Белсендіні жерлеуге апара жатқан кезде адамдар "Шал кет!" деп айқайлады.

Дулат Ағаділді Талапкер ауылының маңындағы бейітке қойды.

Ақмола облысында белсендіні жерлеп жатқан кезде Қазақстанның түрлі қалаларында: Алматы, Тараз, Ақтөбе қалаларында қаралы митинг өтіп, белсендіні еске алды. Алматыда Тәуелсіздік алаңына жиналған 70-80 шақты адам Дулат Ағаділдің рухына құран бағыштады. Шара кезінде кейбір адамдар Ағаділдің суретін ұстап тұрды. Алаңда полицей қызметкерлері де жүрді.

Декреккөз: Азаттық радиосы



27 ақпан 2020, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.