Атырау, 24 желтоқсан 00:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

ШҚО-да апатқа ұшыраған автобуста 46 бала болған, оның сегізі ауруханаға жеткізілді

2 965 рет қаралды


Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 8 бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта жедел жәрдем жол апатына тап болғандардың барлығын тексеру үшін ауруханаға апара жатыр. Көз жұмған ешкім жоқ. 8 адам зардап шеккен», - дейді ШҚО әкімдігінің қызметкерлері. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қоғамдық көлікте 53 жолаушы отырған, оның 46-сы - бала. 

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Шығыс Қазақстан облысында балалар отырған автобус жол апатына ұшырады. Оқиға бүгін Глубокое ауданы Прапорщиково ауылындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында болған. 

Балалар спорт жарысына қатысу үшін автобуспен облыс орталығынан Шемонаиха ауданына бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, Howo жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

Дереккөз: Inform.kz

27 ақпан 2020, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.