Атырау, 25 сәуір 03:23
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тараздағы тойда 9 адам уланып, жетеуі ауруханада жатыр

1 965 просмотра


Тараз мейрамханаларының біріндегі тойдан кейін тоғыз адамның улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қазіргі таңда жеті адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда екен. Ол туралы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

«Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінен уланған жағдайда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына медициналық көмекке тоғыз адам жүгінді. Оның ішінде жеті адам ауруханаға жатқызылды. Ал, екі адам медициналық тексеруден кейін шығарылды», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, қалған жеті адамның жағдайы да қалыпты деп бағалануда. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған 30 адамның жаппай улануы туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді. Қазіргі таңда медициналық көмекке жүгінген тоғыз тұрғынның улануы мүмкін делінген мейрамханаға тексеру жұмыстары жоспарлануда.

Дереккөз: Inform.kz

26 ақпан 2020, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.